- IONIQ 5 электромобилі «Германиядағы жыл автомобилі 2022» байқауының финалдық раундында жеңіске жетті
- Hyundai орташа өлшемді электр кроссовері әлемдік деңгейдегі бәсекелестерден асып түсті
Неміс нарығына шыққаннан кейін алты ай өткен соң, Hyundai IONIQ 5 электромобилі «Германиядағы жыл автомобилі 2022» (GCOTY) атағын алды. Осы беделді байқаудың финалдық раундында толығымен электрлік орташа өлшемді кроссовер әлемдік деңгейдегі бәсекелестерді жеңді.
GCOTY сыйлығы аясында жыл бойы шығарылған жетекші модельдер бір-бірімен бес санатта жарысады: «Компакт-класс» («Compact»), «Премиум-класс» («Premium»), «Люкс» («Luxury»), «Жаңа энергия» («New Energy») және «Спорт» («Performance»). 20 автомобиль журналистерінен тұратын халықаралық қазылар алқасы әр модельді өнімнің сипаттамалары, өзектілігі және болашағы тұрғысынан сынайды және бағалайды. «Жаңа энергия» санатында жеңімпаз атанып, IONIQ 5 автоматты түрде финалға шығып, қорытынды жеңіске жетті.
«Hyundai IONIQ 5 тек көрнекті электромобиль ғана емес. Біз үшін бұл жылдың үздік моделі», – деді «Германиядағы жыл автомобилі 2022» байқауының негізін қалаушы және қазылар алқасының мүшесі Йенс Майнерс (Jens Meiners). – Дизайнның, үнемділіктің және көлік жүргізуден алатын ләззаттың бірегей үйлесімінің арқасында IONIQ 5 әлсіз жақтарын көрсетпей, барлық өлшемдер бойынша орташа деңгейден жоғары балл жинай алды. Біздің ойымызша, бұл электрокарда шынымен инновациялық аккумуляторлық технологиялар мен жұмыс тұжырымдамасы жүзеге асырылған. «Жыл автомобилі 2022» неміс титулының берілуіне қарамастан, IONIQ 5 сөзсіз әлемдік мойындауға ие болады».
«IONIQ 5 ең мықты бәсекелестерден басып озды. Бұл біздің еуропалық нарықта ерекшеленетін автомобиль жасай алғанымызды дәлелдейді», – деді Hyundai Motor Europe президенті және бас директоры Майкл Коул (Michael Cole). – Бұл жеңіс аккумуляторлық электромобильдердің Еуропадағы клиенттер арасында сұранысқа ие болып келе жатқанын растайды. Қазір IONIQ 5 – біздің шығарындылар деңгейі нөлге тең Hyundai ұтқырлық шешімдерін электрлендіру және дамыту стратегиямыздың жетекші моделі».
Hyundai IONIQ 5: электрлік ұтқырлықтың жаңа дәуірі
IONIQ 5 IONIQ электромобильдер суббрендінің жаңа желісіндегі Hyundai алғашқы моделі болды. IONIQ 5 Hyundai Motor Group аккумуляторлы электромобильдер үшін арнайы әзірлеген E-GMP ғаламдық модульдік платформасына негізделген. Клиенттерге сыйымдылығы 58 кВт/сағ немесе 72,6 кВт/сағ батареялар, сондай-ақ толық немесе артқы жетектер ұсынылады. Артқы жетекті және аккумулятор сыйымдылығы 72,6 кВт/сағ нұсқасы WLTP стандартына сәйкес бір зарядта 481 км максималды жүріс қорына ие.
IONIQ 5 керемет жүріс сипаттамаларына және аса жылдам зарядтауға ие. 800 Вольтты токпен зарядтау жүйесінің арқасында жылдам зарядтау станцияларын пайдалану кезінде аккумуляторларжың екі нұсқасы да небәрі 18 минут ішінде 10%-дан 80%-ға дейін зарядталады. V2L (Vehicle-to-Load) функциясы кез келген электр құрылғыларын, соның ішінде ноутбуктер мен электросамокаттарды электромобильдің қозғалысы немесе тұрағы кезінде зарядтауға мүмкіндік береді.
Қозғалыс режимдерінің кең жиынтығынан басқа, IONIQ 5- ерекше салонымен ерекшеленеді. Онда қолданылған табиғи материалдар автомобильдің экологиялық таза екендігін көрсетеді. Электрлі реттелетін алдыңғы орындықтар жолаушылардың қалауы бойынша еңкейе алады. Аккумуляторлық электромобиль аспаптар тақтасы мен мультимедиялық жүйенің 12-дюймдік экрандарында желілік қызметтермен жұмыс істеудің кең мүмкіндіктерін ұсынады. Орталық консоль мен артқы орындықтар ішкі кеңістікті икемді пайдалануға мүмкіндік бере отырып, жылжи алады. IONIQ 5 сонымен қатар толық салмағы 1 600 кг дейінгі тіркемені тарта алады.
Ескертпе: баспасөз хабарламасында ұсынылған модельдің техникалық сипаттамалары мен жабдықталуы елге/өңірге байланысты ерекшеленуі мүмкін.