Hyundai Otyrar
г. Шымкент, ул.Байтерекова 6А
21 ақпан 2023
HYUNDAI СТИЛІНДЕГІ ӨМІР: АЛМАТЫДА ДИЛЕРЛЕР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Алматыда Hyundai дилерлер конференциясы өтті. Оған 115 қатысушы жиналды. Автобрендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan (HAK) компаниясы.

Дилерлер конференциясы – Hyundai рухына бойлауға, қорытындылар шығаруға, жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілеуге, тәжірибе алмасуға, жаңа өнімдер туралы мәлімдеуге қажетті маңызды оқиға.

img
«Hyundai брендінің философиясының негізінде қоғам құндылықтарына бейілділік жатыр. Hyundai әрбір жүргізушінің өмірін жеңілірек әрі ыңғайлырақ етуге ұмтылады. Өз Клиенттеріне бір қадам жақынырақ болу және олардың сүйікті брендіне айналу үшін Компания өзінің бейнесін «бүкіл өмірлік автокөлік серіктесі» деп анықтады. Біз өз жұмысымызда корпоративтік мәдениетке ерекше көңіл бөлеміз, онда Клиенттің мүдделері ең жоғарғы басымдыққа ие, себебі Клиент – біздің ең басты құндылығымыз. Біздің Дилерлік орталықтарымызда Клиенттерге мінсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге деген ұмтылысымыз Hyundai Auto Kazakhstan құндылықтарының шынайы мәнін ашып көрсетеді», – деп атап өтті HAK дистрибуция директоры Денис Коломацкий.

Дилерлер конференциясының басты жаңалықтары

Дилерлер конференциясының қатысушылары 2023 жылдың басты жаңалықтарын бірінші болып білді. Бірінші тоқсанда i20 хэтчбегінің сатылымдары басталады деп күтілуде, ал екінші тоқсанда алғашқы Hyundai IONIQ 5 электрокарын сату басталады.

img

Hyundai үшін 2022 жылдың қорытындылары

2022 жылдың қорытындылары бойынша Hyundai брендінің «Астана Моторс» портфеліндегі ең көп сатылған брендке айналғанын атап өткен жөн. Қазақстандағы сатылымдар 2022 жылы 28 864 бірлікті құрады. 2021 жылмен салыстырғанда өсу – 27 %.

Сатылымдардың өсуі өндірістің өсуімен және жеткізілімдер географиясының кеңеюімен тікелей байланысты. Жартылай өткізгіштер тапшылығына қарамастан, отандық Hyundai Trans Kazakhstan зауытының өндіріс көлемінде және «Астана Моторс» компаниясының портфелінде ұсынылған автокөліктердің сатылым көлемінде оң қарқын байқалып отыр.


2022 жылы «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 37 205 автокөлік өндірді – 2021 жылғы деңгейден (25 977 бірлік) 43 %-ға артық. Оның 82 %-ын кәсіпорын отандық нарыққа жеткізсе, қалған көлемін ТМД елдеріне экспортқа шығарды.

2022 жылы модельдік қатар Staria, i30, Bayon модельдерімен толықты. Қазіргі таңда Алматыда орналасқан Hyundai Trans Kazakhstan Hyundai көліктерінің тоғыз моделін – Tucson, Accent, Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria, i30, Bayon көліктерін шығарады.

2023 жылға кәсіпорын өндірістік алаңды кеңейтудің және жаңа жабдықтарды орнатудың есебінен өндіріс қуатын жылына 50 мың автокөлікке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

img

Hyundai Қазақстандағы заманауи зауытын негізді түрде мақтан тұтады. Ал Hyundai Trans Kazakhstan зауытын көру дилерлер конференциясы бағдарламасының түйініне айналды.

Үздіктерге арналған марапаттар

Тұрақты достық бәсекелестік – кемелдікке бастайтын жолдағы және мәңгіге брендтің жанкүйеріне айналатын риза клиент түріндегі басты мақсатқа қол жеткізудегі ең жақсы стимул. Барлық дилерлік орталық Hyundai стандарттарына сәйкес жұмыс істейді, сондықтан үздіктердің ішінен үздігін таңдау оңай емес.

Бұл жолы құрметті марапаттар келесі орталықтарға берілді:

  • KPI бойынша «Үздік дилер» номинациясын Hyundai Taraz жеңіп алды.
  • Hyundai Premium Astana Қазақстанның Үздік дилерлік орталығы деп танылды. ДО Hyundai брендінің ең жаңа стандарты — GDSI (Global Dealership Space Identity) бойынша салынған.
  • Hyundai Otryrar ұжымы ең үздік сату бөлімі деп танылды. Дилерлік орталық Шымкентте орналасқан.
  • Сатудан кейінгі қызмет көрсететін ең үздік бөлім ретінде Hyundai Kostanay марапатталды.

img

Жалпы дилерлер конференциясына Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Ақтау, Өскемен, Тараз, Семей, Көкшетау, Орал, Атырау, Қызылорда, Талдықорған, Екібастұз секілді он сегіз қаладан келген дилерлік орталықтардың қызметкерлері қатысты.

Консультация по кредиту
Оставьте заявку и получите бесплатную консультацию нашего специалиста.
Предложение не является публичной офертой