Сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаға қамқорлық – Hyundai Motor компаниясының негізгі құндылықтары. Бұл құндылықтар Қазақстандағы ресми дистрибьютор – Hyundai Auto Kazakhstan мен біздің жұмысқа деген көзқарасымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Мұндай құндылықтар бізді клиенттерге, серіктестерге және жалпы қоғамға деген көзқарасымызды жетілдіруге итермелейді.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Hyundai компаниясының қол жеткізген табысы клиенттердің мүддесі үшін үнемі енгізілетін жаңалықтардың өзектілігінің көрінісі болып табылады. Біздің басты құндылығымыз – тұтынушының қанағаттануы. Hyundai Motor компаниясының негізгі миссиясы осы – жай ғана сату емес, клиенттерге жаңа технологияларды, стиль мен сәнділікті, жоғары қызмет пен жайлылықты біріктіретін өнімдерді иеленуден рахат алу; және компанияның беделі.
Клиенттердің қанағаттану деңгейінің артуы және сатылымның тұрақты өсуі Hyundai Motor компаниясының нарықтағы үлесін арттыруға қабілеттілігін айқын көрсетеді.
Басқару философиясы - Ерекше ойлау және үнемі дамып келе жатқан жаңа шекаралардың көмегімен болашақты құру арқылы адамзаттың арманын жүзеге асыру.
Басты қағидаттары: Клиент – Талап – Ынтымақтастық – Адамдар – Жаһандық.
Пайым - Тұрақты автомобиль серіктесі және одан тыс.
Марка және Дизайн - Modern Premium (Заманауи премиум).
Брендтік бағыт: Hyundai.
Біз сатып алушылардың көпшілігін жаңа әсерлермен және артықшылықтармен қамтамасыз етуге, Hyundai-нің жеке шығармашылық тәсілдерін қолдана отырып, олардың үміттерінен асып түсуге тырысамыз.
«Жаңа ойлау. Жаңа мүмкіндіктер» - Hyundai маркасының ұраны. Hyundai-нің ойлауының жаңа тәсілі көп адамға жоғары сапалы өнім беру. Біз жаңа идеяларды үздіксіз іздеу арқылы адамдар мен планетамыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасаймыз.
«Аққыш мүсін» - Hyundai дизайн принциптері. «Аққыш» термині табиғатпен рухтандырылған және бірге өмір сүретін автомобиль дизайнын дамытуды білдірсе, «мүсін» термині егжей-тегжейлі мүсіндік модельдеу процесі арқылы көркемдік құндылықты құруды білдіреді.