Hyundai Otyrar
г. Шымкент, ул.Байтерекова 6А
26 қаңтар 2022
2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалардың нәтижесінде зақымданған Hyundai автокөліктерін қалпына келтіруге көмек.

Hyundai Otyrar «2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалардың нәтижесінде зақымданған Hyundai автокөліктерін қалпына келтіруге көмек» бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.

Егер Сіздің автокөлігіңіз 2022 жылдың қаңтар айында вандализм актілері барысында зақымданған болса, онда Сіз келесі қалалардағы Hyundai ресми дилерлік орталығына жүгіну арқылы сервистік қызметтерге 50% жеңілдік ала аласыз:

  • Алматы;
  • Нұр-Сұлтан;
  • Талдықорған;
  • Қызылорда;
  • Шымкент;
  • Атырау;
  • Тараз.

Автокөлік келесі өлшемдерге сәйкес келуі керек:

  • Автокөлік ҚР-дағы Hyundai ресми Дилерінен сатып алынған;
  • Техпаспорт бойынша автокөлік иесі – жеке тұлға;
  • Дилерлік орталыққа жүгінген тұлға – техпаспорт бойынша автокөлік иесі.

Қосымша ақпарат алу үшін 7007 нөміріне немесе жоғарыда аталған қалалардағы ресми HYUNDAI дилеріне хабарласыңыз.

Сіздерге деген қамқорлықпен,
Hyundai Otyrar

Консультация по кредиту
Оставьте заявку и получите бесплатную консультацию нашего специалиста.
Предложение не является публичной офертой