Hyundai Otyrar
г. Шымкент, ул.Байтерекова 6А
10 қазан 2022
Ұтыс ойынының жеңімпаздары

2022 жылғы 5 қазанда Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы Instagram-дағы @hyundaikz парақшасында тікелей эфир өткізіп, оның барысында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына жолдаманың ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтады!

Ұтыс ойынына қатысудың басты шарты 10-30 қыркүйек аралығында Қазақстандағы кез келген Hyundai ресми дилерлік орталығында жаңа Hyundai BАYON автокөлігінде тест-драйвтан өтіп, 2022 жылғы Әлем чемпионатына жолдама берілетін ұтыс ойынына қатысушы ретінде тіркелу болды. Жолдамаға не кіреді?

  • екі жаққа трансфер (Қазақстан-Катар-Қазақстан);
  • 5* қонақ үйде төрт күн тұру;
  • футболдан Әлем чемпионатындағы топтық кезең матчына бару;
  • Катар астанасы Доха бойынша экскурсия.

Ұтыс ойынына 325 адам қатысты, олардың арасында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен екі жеңімпаз анықталды - Орал қаласынан Зайнов Сұлтан және Алматы қаласынан Омаров Айдос. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға керемет сапар тілейміз!

Ұтыс ойынына қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!

Консультация по кредиту
Оставьте заявку и получите бесплатную консультацию нашего специалиста.
Предложение не является публичной офертой