Hyundai Otyrar
г. Шымкент, ул.Байтерекова 6А
18 маусым 2021
Hyundai Motor Group құрамындағы HTWOотын элементтерінің бренді ETCR жарыстары үшін генератор ұсынады

  • Hyundai Motor Group құрамына кіретін HTWO суббренді 2021 жылғы 19 маусымға жоспарланған ETCR сериялы жарыс үшін өз әзірлемесінің отын элементтері генераторын ұсынады
  • Қуаттылығы 160 кВт жылжымалы генератор бір сағат ішінде екі электромобильді бір уақытта толығымен зарядтай алады
  • Автоспорттық іс-шараға қатыса отырып, HTWO бренді өз генераторын отын элементтерінде қолданудың жаңа мүмкіндіктерін іздейді

Hyundai Motor Group HTWO сутегі отын элементтері жүйелерінің инновациялық бренді алғаш рет ETCR (Electric Touring Car Racing) жарыс сериясына арналған өз әзірлемесінің генераторын ұсына отырып, автоспорттық іс-шараға қатысатынын хабарлайды.

ETCR – спорттық жарыстар жағдайында электрлендірілген технологиялар саласындағы жетекші автоөндірушілердің жетістіктерін көрсетуге арналған жаһандық алаң болып табылатын электромобильдердің сақиналық жарыстарының әлемдегі алғашқы сериясы. Жарысқа тек іштен жану қозғалтқыштары жоқ автомобильдер ғана қатыса алады.

Hyundai Motor Group компаниясы Pure ETCR чемпионатына өзінің жарыс командасын қатыстырып қана қоймай, сонымен қатар мобильді зарядтау инфрақұрылымын қамтамасыз етеді, оның шеңберінде жарысқа қатысатын барлық электромобильдерді қайта зарядтау үшін HTWO брендінің сутегі отын элементтеріндегі генератор пайдаланылатын болады. Зарядтау жүйесі Hyundai NEXO сутегі отын элементтеріндегі екі электр кроссоверінің зарядына сәйкес келетін қуаты 160 кВт дейінгі электр энергиясын өндіруге қабілетті. Небәрі бір сағаттың ішінде жүйе әрқайсысы сыйымдылғы 65 кВт/сағ аккумуляторлық батареямен жабдықталған екі ETCR жарыс электромобильдерін бір уақытта толығымен зарядтай алады.

Жылжымалы сутегі генераторлары энергия желілеріне қосылмаған жетуге қиын жерде электр энергиясын өндіру үшін де пайдалы болуы мүмкін. Электрмен қоректендіру ажыратылған жағдайда оларды деректерді жинау және өңдеу орталықтары мен ұқсас құрылғылар үшін резервтік энергия көзі ретінде де қолдануға болады. Hyundai Motor Group үшін ETCR жарыстарында жарыс электромобильдерін зарядтау өз өнімдерін жетілдіруге көмектесетін сынақ алаңына айналып қана қоймай, HTWO электрогенерация технологияларының нарықтық экспансиясы үшін бизнес пен мүмкіндіктердің жаңа перспективаларын ашады.

«Біздің сутегі отын элементтеріндегі генератор ETCR сериялы электромобильдердің зарядтау инфрақұрылымы үшін маңызды рөл атқарады. Бұл Hyundai Motor Group үшін автоспорт дамуының жаңа қызықты дәуіріне есік ашатын маңызды қадам, – деді Hyundai Motor Group атқарушы вице-президенті және отын элементтері орталығының басшысы Ким Сэхун (Saehoon Kim). – Осы спорттық іс-шараның көмегімен біз болашақтың ұтқырлық құралдары үшін энергия көзі ретінде сутегі мен электр энергиясының үйлесімді өмір сүруі туралы хабар жеткіземіз деп үміттенеміз».

ETCR жарыс сериясынан басқа, HTWO бренді LS Electric, H2SYS және GRZ компанияларына өз жүйелерін ұсынады, сонымен қатар сутегі отын элементтері арқылы электр энергиясын алу технологиясын одан әрі жетілдіру мақсатында олармен белсенді ынтымақтасады. Сонымен қатар, HTWO жоспарларына өзінің отын элементтерінің жүйелерін, соның ішінде оларды теңіз және теміржол көлігі, қалалық әуе ұтқырлық құралдары және болашақ ұтқырлықтың басқа түрлері үшін пайдалану аясын кеңейту кіреді.

Pure ETCR сериясының жарыстары тарихта алғаш рет 2021 жылдың 18-20 маусымы аралығында Италиядағы Валлелунга тас жолында өтеді. Hyundai Motorsports ETCR командасының қатысуы туралы мәліметтер келесі аптада жарияланады.

Консультация по кредиту
Оставьте заявку и получите бесплатную консультацию нашего специалиста.
Предложение не является публичной офертой