Hyundai Otyrar
г. Шымкент, ул.Байтерекова 6А
22 маусым 2021
Hyundai Motor Elantra N моделінің алғашқы суреттерін ұсынады

  • Алғашқы фотосуреттерде Elantra N моделінің спорттық дизайн элементтері және жаңа буын Elantra седанының негізінде салынған жарқын атлетикалық келбеті көрсетілген
  • Elantra N күнделікті қолдануға арналған седанның тиімділігін «зарядталған» жарыс автомобилінің керемет спорттық рухымен үйлестіреді

Hyundai Motor компаниясы N спорттық модельдер желісіндегі жаңалық – Elantra N седанының (сондай-ақ Оңтүстік Кореядағы Avante N атауымен белгілі) алғашқы суреттерін жариялайды. Жаңа автомобиль осы жылдың сәуір айында Kona N кроссоверінің дебютінен кейін N суббрендінің алтыншы өкілі болады.

Elantra N моделі – Hyundai Elantra седанының 2020 жылдың сәуір айында ұсынылған жаңа буынының спорттық нұсқасы. Жаңа автомобиль спорттылыққа жаңа көзқарасты ұсынатын «параметрлік динамиканың» (Parametric Dynamics) танымал стилистикасында жасалған. Модельді әзірлеу кезінде Hyundai N дизайнерлері мүсінге тән нысандардан шабыт алды, бұл автомобильге динамикалық және атлетикалық көрініс сыйлауға мүмкіндік берді.

«Elantra N – бұл N суббренді мамандарының тамаша жұмысының арқасында біздің жаңа буынды Elantra моделіміздің спорттық сипатын аша алған «зарядталған» седан, – деп мәлімдеді Hyundai Motor компаниясында N суббрендінің менеджмент және автоспорт жөніндегі вице-президенті Тилль Вартенберг (Till Wartenberg). – Біз бұл автомобильді автожарыстардың жанкүйерлерін таңдандыратын керемет динамикасы мен шыңдалған стилі бар тексерістен өткен спорткартты елестетіп жасадық. Таңғаларлық N суббренді желісіндегі керемет жаңалық – Elantra N моделінің тұсаукесерін асыға күтемін. Әлемдік онлайн-премьераны жіберіп алмаңыз!».

Hyundai Elantra N спорттық бағыттылығын ауа ағындарын тиімді тарата отырып, динамикаға оң әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар автомобильді визуалды түрде төмен көрсететін ашық қызыл бүйірлік табалдырықтарынан тануға болады. Экстерьердің жалпы стилистикасы қысылу күшін арттыратын өзіндік артқы спойлер толықтырылады. Бұл элемент автомобильдің артқы жағындағы құйындалудың алдын алады және седанның жоғары жылдамдықта тұрақтылығын арттырады. Сондай-ақ, жаңа автомобиль артқы бампердің қара жиектерімен және автомобильдің спорттық тегін одан сайын айқындайтын газ шығару жүйесінің екі келтеқұбырымен ерекшеленеді.

Жаңа Elantra седанының стандартты және гибридті нұсқаларына жаңа Elantra N автомобилін қосу арқылы Hyundai Motor компаниясы енді модельдің ықтимал нұсқаларының кең желісін және тіпті ең талғампаз клиенттер үшін де үлкен таңдауды ұсынады.

Hyundai Motor компаниясы жаңа Elantra N спорттық седаны туралы толығырақ жақын арада хабарлайды.

Консультация по кредиту
Оставьте заявку и получите бесплатную консультацию нашего специалиста.
Предложение не является публичной офертой